АймақБас тақырып
Қарағандыда «Бірлігіміз жарасқан!» флешмобы өтті
Қарағандыда Достық үйі алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан!» атты патриоттық флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобта барлық қатысушылар бірлесіп, әрбір қимыл, қозғалысында ұлттық нақыш, символдық мән мен тарих көрініс тапқан «Қара жорға» биін орындауымен ерекшеленді.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жастары қатысып, 100-ден астам адам бір алаңға жиналды.

Қатысушылар шығармашылық нөмірлер арқылы бірлік, өзара құрмет пен келісімнің маңызын көрсетті.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



