АймақНұра

1500 жуық гүл отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шахтер ауылында 1500-ға жуық гүл егілді. Арнайы топырақ пен органикалық тыңайтқыштың көмегімен петуния, бархитца секілді гүл түрі таңдап алынған. Барлық абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын «Шахтерское» ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен жүргізілген.

Сенбілік барысында көгалдандырудан бөлек, тазалық, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Гүлдерден бөлек, талдар да егілді.

Айта кетейік, акция басталғалы Шахтер ауылындағы 10 көше тазаланып, екі саябақ пен аллея қалыпқа келтірілді. Жүздеген ретсіз өскен бұта қырқылып, талдардың түбі әктелді. Жолдар тазаланып, саябақтар мен скверлер қоқыстан тазартылды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Сурет пен видео ұйымдастырушылардан.
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button