15 шілдеден бастап Қазақстанда темекі қымбаттайды
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті темекінің барлық түрі қымбаттайтынын еске салды.
– Мынадай ең төменгі бөлшек бағалар қолданылатын болады: сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 (жиырма) папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 870 теңге, – делінген Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарласында.
Бұйрық бойынша, бөлшек саудада темекі өнімдері үшін мынандай ең төменгі бағалар қолданылады:
фильтрлі, фильтрсіз сигареттің 20 данасына (бір қорабына), папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:
- 2024 жылғы 15 шілдеден 31 желтоқсанға дейін — 820 теңге;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 870 теңге.
Айта кету керек, қазір темекінің ең төменгі бағасы 770 теңге деп белгіленген.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА