Covid-19Коронавирус

Облыста бір күнде 361 адам індет жұқтырды

Ел бойынша өткен тәулікте коронавирус дертінің 2792 жаңа жағдайы тіркелді. Ал, Қарағанды облысында бір күнде 361 індет жұқтырды. Алайда, облыс «жасыл» аймақта тұр. Жалпы, пандемия басталғаннан бүгінге дейін COVID-19 расталған 156 265 жағдай тіркелді.

Қазіргі таңда Қарағанды облысында вакцинацияның бірінші компонентімен қамту 71,2%-ды құрайды, яғни, 726 777 адам егілді. Бұл – халық санының 50,8%-ы. Ал, вакцинациялауға жататын контингенттің 66,5%-ы екінші компонентпен егілді. Яғни, 679 203 адам. Бұл – жалпы халық санының 47,5%-ы.

Былтырғы 22 қарашадан бастап тек 253 801 адам ревакцинация алды. Бұл – ревакцинация алуы тиіс халықтың 53,4%-ы.

Биылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Бүгінгі мәлімет бойынша 24 663 адам егілді.

«Сақтықта қорлық жоқ» деген. Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті өзінің денсаулығы мен айналасындағылардың қауіпсіз өмірі үшін жеке жауапкершілікті көрсете отырып, COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеуге болатындығын тұрғындардың есіне салады.

 

Басқа материалдар

Back to top button