Жаңалықтар

Елімізде ардагерлердің қосымша санаттары белгіленеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов  Мәжілістің пленарлық отырысында «Ардагерлер туралы» заң жобасын таныстырды. Онда ардагерлер үшін қосымша санаттар қарастырылған.  

– Жаңа заң жобасы бойынша ардагерлердің келесі санаттары белгіленеді. Біріншісі – Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Оларға ҰОС ардагерлері мен мүгедектері жатады. Екіншісі – басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс шайқастарға қатысқан ардагерлер. Заң жобасына сәйкес олардың қатарына келесі азаматтар кіреді: Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер, 1992 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде ТМД-ның сыртқы шекараларын күзетуді күшейтуге қатысқан азаматтар, 1968 жылы Чехословакиядағы жанжалды реттеуге, таулы Қарабахта этносаралық жанжалды шешуге қатысқан азаматтар, Ұлттық контингентке кіретін, Ирактағы бітімгершілік операцияға қатысқан тұлғалар, – деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша,  заң жобасына сәйкес үшінші санатқа жеңілдіктері мен кепілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген сегіз санаттағы азаматтар мен ҰОС мүгедектеріне теңестірілген бес санаттағы азаматтар кіреді. 

Басқа материалдар

Back to top button