ҚарағандыСпорт

10 қазан күні QARAGANDY MARATHON 2020 өтеді

Қарағанды облысының жеңіл атлетика федерациясы барлық жүгірушілерді QARAGANDY MARATHON 2020-ға қатысуға шақырады. Жарыс 10 қазан күні сағат 6-дан 22-ге дейін онлайн режимде өтеді.

Марафонға тұрғылықты еліне қарамастан барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

– Қарағандыда 2017 жылдың мамыр айынан бастап Armana jol жартылай марафоны дәстүрлі түрде өткізілетінін Қазақстанның ғана емес, шетелдік жүгіруді ұнататын мыңдаған адамдар біледі. 2019 жылдың мамыр айында жарыс үшінші рет өтті. Сол жылдың қыркүйегінде «Күзгі жартылай марафон – Kúzdik Jarty Marathon өтті. 2020 жылы біз оны карантинге байланысты әдеттегі форматта өткізе алмадық. Бірақ осы күнге дейін спортшылар мен әуесқойлар бізге жүгіруді ұйымдастыруды сұрайды. Біз қазақстандық және шетелдік жүгіру энтузиастарын QARAGANDY MARATHON 2020 стартына шақыруға қуаныштымыз, – дейді Қарағанды облысы жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Сергей Засимович.

Жарыс бағдарламасында төрт қашықтық жоспарланған:

– 5 шақырым;

– 10 шақырым;

– жартылай марафон-21 шақырым 97,5 м;

– марафон – 42 шақырым 195 м.

Жүгіруші өз қашықтығын таңдап, нәтижесін ұйымдастырушыларға жібере алады.

Жарысқа қатысқандардың барлығына бастапқы нөмір, медаль және сертификат беріледі.

Айта кету керек, марафонға арналған медальдар жеке эскиз бойынша әзірленген.

Қатысушыларды тіркеу qaragandy-marathon.kz/ru сайтында 13 қыркүйектен бастап ашылды. 

Басқа материалдар

Back to top button