Спорт

14 жастағы теннисші Аустралиядағы турнирдің финалында өнер көрсетті

14 жастағы Альбина Кәкенова Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған, «Мельбурн Паркта» өткен Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирінің финалына шықты. Алайда, қазақстандық ару ақтық кезеңде Жапон спортшысына есе жіберген, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жас теннисші соңғы бәсекеде жапониялық Хикари Ямоммотоға есе жіберді. Есеп: 7:6, 4:6, 2:6.

– Әрине, осыншама күш жұмсап, финалда ұтылып қалғаным өкінішті. Дегенмен, жылды жақсы бастап, осындай беделді турнирдің финалында өнер көрсеткеніме қуаныштымын, – деп әсерімен бөлісті  Альбина Кәкенова.

Альбина Кәкенова – Астана теннис мектебінің түлегі. «Дәулет» теннис орталығында Марат Шәріповтің басшылығымен жаттығады. 2022 жылы ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясы бойынша өткен төрт жарыстың жеңімпазы атанып, 14 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш бастады.

Басқа материалдар

Back to top button