АймақҚарағанды

Кәсіпорынның қамқорлығы

Сенбі күні «Qaz Carbon» ЖШС Қарағандыдағы Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябаққа 400 түп шыбық екті. Бұл ағаштарды отырғызу ісін кәсіпорын өтемдік негізде жүзеге асырып отыр.

Өтемдік тал егу бағдарламасы аясында «Qaz Carbon» ЖШС жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша Майқұдықтағы Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябақта көгалдандыру бойынша бірінші рейд ұйымдастырды. Кәсіпорын барлығы 770 ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Олардың 400-і саябаққа егілді. Бұл – пирамидалық терек, қарағай, қайың және үйеңкі. Жаңа Майқұдық мәдениет үйі және «Көгілдір тоған» шағын ауданында тағы 370 ағаш отырғызылады.

«Qaz Carbon» және YDD CORPORATION ЖШС акционерлері – Ерлан Нығматулин мен Давид Кемертелидзе қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Qaz Carbon» ЖШС қызметінің негізгі түрі шойын және болат ұсақтайтын шарларды дайындау, шойын мен болаттың түрлі маркаларынан фасонды құю, сондай-ақ, кокс және жартылай кокс өндіру болып табылады. Бүгінгі таңда кәсіпорында 1220 адам жұмыс істейді. Олардың 83%-ы – Майқұдық тұрғындары.

Өз тілшімізден.

Қарағанды қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button