Ресми

Ұстаздарға грант бөлінеді

Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ Zoom арқылы шет елдердегі Қазақстан Елшіліктерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар қазақстандық жоғары білім саласын дамытуға қатысты мәселелерді талқылады.

Білім және ғылым министрі халықаралық ынтымақтастық саласында жүргізіліп жатқан жұмыстың деңгейі төмен екеніне назар аударды. Мәселен, 2000-2011 жылдар аралығында білім беру саласында 22 халықаралық келісімге қол қойылған. Министр осыған байланысты елшіліктер өкілдерін жаңа бағдарламаларды әзірлеуге белсенді атсалысуға шақырды.

– Алмасу бағдарламасы аясында жыл сайын шетелдік жоғары оқу орындарында 600-ден астам студент грант бойынша білім алады. Биыл олардың саны 300-ге жуық. Сонымен қатар, қазақстандық жоғары оқу орындарында квота саны да артты, бүгінде 300-ден аса шетелдік азамат Қазақстанда білім алуына болады. Келешекте біз жақын және алыс шет елдермен ынтымақтастықта болу үшін білім беру саласындағы ауқымы кең мәселелер бойынша 20 келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз, – деді вице-министр Рүстем Биғари.

Сингапурдағы Қазақстан Елшілігінің өкілі Виталий Александров өткен жылы Сингапурдың кәсіби және техникалық білім беру саласындағы ірі оқу орындарының бірімен серіктестік қарым-қатынас орнатылғанын атап өтті. Қазақстандық колледж педагогтерінің біліктілігін арттыруға 115 грант бөлу жөнінде сингапурлық тараппен келісім орнады.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button