БаспасөзРуханиятҰлытау

Бұлақ көзі

Өз әлінше ой түйеді түйсік әр,

Әр кәллаға ол – Тәңір берген сый шығар.

Жусан иісі, жаңбыр иісі сияқты,

Әр газеттің өзіне тән иісі бар.

Әр басылым жол таңдаған әрқилы,

Жаманды да, жақсыны да қамтиды.

«Балдырғаннан» бала иісі бұрқырап,

«Егеменнен» елдің иісі аңқиды.

Білгендерге бұлақ көзі – газет шын,

Шөл қандырып, оқырманын мәз етсін.

«Орталықты» әрлі-берлі ақтарып,

Отырып ап оқығанға не жетсін!

Мұқаш СЕЙТҚАЗИНОВ,

Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.

Басқа материалдар

Back to top button