АбайАймақ

Баннерлер – тиімді жарнама құралы

Жақында Абай ауданының орталық көшелеріндегі баннерлер жаңғыртылды. «Менің сүйікті қалам», «Сіздерге мың алғыс, ардақты абзал жандар», «Үйде қалыңыз» және тағы басқа да мерекелік тақырыптарды қамтыған баннерлер көздің жауын алады.

Marketing sales outdoor sign billboard against blue sky

– Баннерлер ұзақ уақыт бойы пайдаланушыларға көрсетілді, тұрғындар таныс болды. Сондай-ақ, интернет қолданушылары оларды күн сайын әртүрлі сайттардан тамашалауда. Ал, қала тұрғындары көшеде графикалық жарнамалар түрінде көредi. Графикалық жарнамалар жарнаманың қарапайым түрі емес. Суретті жасау кезінде де, оны орнату кезінде де көптеген қосымша белгілері кездесiп отырады. Қаламыздың тұрғындары үшін әрбір баннер маңызды әрі олар көп мәлiмет бередi деген үміттеміз. Кез келген баннерде іс-шараның құнды деректері болуы мүмкін. Мекеменің мекенжайы, байланыс ақпараты қамтылады. Тұтастай алғанда, баннерлер келушілерге шараны ыңғайлы ұйымдастыруға көмектеседі, – дейді Абай ауданы әкімдігінің өкілдері.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда баннерлер ілу үлкен танымалдыққа ие. Оның үстіне қазіргі таңда әрбір мекеме өзінің дүниесін баннерлер арқылы жарнамалайтынды шығарды. Көп жағдайда жарнамалық баннерлер көшелерге үйлесімді сыртқы келбетін қайтару үшін ұйымдастырылады. Күнделікті өміріміз ұялы телефонға байланғандықтан, әлеуметтік желілер мен интернеттің тез таралуына байланысты клиенттер уақытының көп бөлігін онлайн өткізеді. Соған қарамастан, гаджеттерді тамашалағаннан көрі көшеде серуендегенді ұнататын жандар да жоқ емес. Оларға ілінген баннерлерді тамашалауға мүмкіндік бар. Қала тұрғындары көшеде де графикалық жарнамалардың түр-түрін көретіндіктен, әрбір баннер маңызды және ол көп мәлiмет беруі тиіс.

Білуімізше, қазіргі уақытта жарнама беруші сыртқы жарнаманы ілместен бұрын алдын ала салық төлеп, ескертпені тиісті басқармаға жолдайды. Баннерлер арқылы жарнама жасау ең тиімді құралдардың бірі болғандықтан, Сіз кем дегенде көшеде солардың біреуін көресіз. 

Аяулым СОВЕТ.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button