ПРЕЗИДЕНТ: «Жер шетелдіктерге сатылмайды»

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ осы уақытқа дейін 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді.

«Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынына да тоқталды.
«Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз», – деді ол.