Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: «Билікке жаңа кадрлар керек»

«Қазір сапалы жаңа міндеттерді орындау үшін кадрларды іріктеу барынша маңызды міндетке айналады. Жаңа бағдар білімді, табанды, бастамашыл, іскер әрі адал жаңа орындаушыларды көздейді», – деді Мемлекет басшысы.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бүгінгі Үкімет отырысына қатысқандар жоғарыда аталған критерийлерге сай келу-келмеуін ойлауы қажеттігін баса айтты.

«Енді ойланыңыздар: Осы жерде отырған команда аталған критерийлерге сай ма? Үкімет мүшелері, әкімдер өздерінің мүмкіндіктерін парасатты түрде бағалайды деп ойлаймын. Дегенмен, бізде өзін-өзі сынау және мемлекет пайдасы үшін шешім қабылдау қиындау», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.