МӘМС пен «СК Фармация» басшылары жұмыстан шығарылады

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС пен «СК Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырды.

«Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС пен «СК Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса тергеу жүргізген жөн», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы онлайн түрде өтуде. Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беруде. Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылмақ.