Жаңалықтар

100 сауалға 100 жауап

80.  Жаңа тарифтік саясат өзін-өзі өтеу­шілік және медициналық ұйымдарды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасайды ма? 

 Ия, өйткені амортизациялық құрамдас бөлікті тарифтерге кезең бойынша қосу жоспарлануда. Ол МС және қаражатты ұтымды үлестіру кезінде диагностиканың және емдеудің жаңа технологияларын жаңартуға мүмкіндік береді.

 81. Біздің ауылдық жерлердегі медици­налық ұйымдар жаңа жүйенің енгізілуіне дайын ба?

 Міндетті әлеуметтік сақтандыру  енгізумен ауылдық медицина деңгейінде түбегейлі өзгерістер күтілмейді. Құрылымдық өзгерістер шеңберінде барлық ауылдық медициналық ұйымдар, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры үшін медициналық қызметтерді беруші болып табылатын бір заңды тұлғаны ұсынады. Ауылдық медицинаның амбулаториялық-емханалық бөлімі белгіленген КТС негізінде, стационарлық – КШТ қолдану арқылы қаржыландырылады.

 82. МӘМС жүйесіне өту кезінде ста­ционарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі қалай қаржыландырылады?

 Ауруларды қабылдау бөлмесінің қызметтері, пациенттің келу уақытына және оның денсаулығы күйіне байланысты екі санат бойынша төленеді. Біріншісі, ауруларды қабылдау бөлмесінде көрсетілген қызметтерді сағат 3-ке дейін, екіншісі – 24 сағатқа дейін орналасуға төлеуді көздейді.

83. Айтыңызшы, медициналық ұй­ым­дарды жергілікті атқарушы органдар дең­гейінде қаржыландыру сақталады ма және қандай бағыттар бойынша?

 Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қоғамдық денсаулық және міндетті сақтандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры  арқылы тегін медициналық көмек көлеміне жүйесіне кірмейтін кейбір басқа да медициналық ұйымдарды қаржыландыру сақталады.

84 Жабдықтарды сатып алу мен күрделі жөндеуге шығыстар қалайша өтеледі?

Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамытуға арналған бағдарламасына сәйкес медициналық қызметтердің тарифтерге негізгі қаражатын жаңартуға шығыстарды кезең бойынша қосу жоспарлануда. Құны 100 млн. теңгеден астам құралдарға төлем және күрделі жөндеу жергілікті атқарушы органдар есебінен жүргізілетін болады.

85. Елімізде барлық халықтың бірыңғай деректер базасы бар ма?

Ия бар. Бұл мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының деректер базасы, сондай-ақ, Бекітілген халық тіркелімі. Жоғарыда атап өтілген базалардағы деректердің негізінде міндетті сақтандыру жүйесі кезінде Сақтандырылған адамдар тізілімі қалыптасады.

86. МӘМС енгізу кезінде жеке меди­ци­наны дамыту мүмкін бе?

2016 жылға республикалық бюджет қаражатынан 246 жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдарымен шарт жасалған. МӘМС енгізумен, бәсекелестік ортаны дамытуды ескере отырып, медициналық қызметтерді көрсетуге жеке медициналық ұйымның басым бөлігі қатысады деп болжамдаймыз.

87. МӘМС-тің қандай халықаралық тә­жірибесі бар?

Аралас сақтандыру моделін әлемнің 30 елі таңдады (Германия, Франция, Жапония, Корея, Шығыс Еуропа елдері).

Мысалы, Чехияда денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың 80%-ы міндетті медициналық сақтандыруға жарналар есебінен өтеледі,  Францияда – 75%, Эстонияда – 72%, Германияда – 66% және т.б.

Жұмыс берушілердің Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар мөлшерлемесі Германияда 7,3%-ды, жұмыскерлер – 8,2%-ды құрайды, Словакияда, сәйкесінше, 10% және 4%, Литвада 3% және 6%.

МӘМС енгізу Қазақстанға денсаулық сақтау шығыстарын 2017 жылы 28%-ға, 2018 жылы 54%-ға, 2019 жылы 58%-ға өтеуге мүмкіндік береді.   

88. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттік медициналық ұйымдар белсенді түрде биз­неспен айналысуда: медициналық қыз­меттердің басым бөлігі, әсіресе стационарлар ақшалай көрсетіледі. Бұл қызметтер ТМККК тізбесіне кірсе де, бақылау жоқ, халық төлеп жатыр, мемлекет керісінше ақшалай табыстарды мемлекеттік кәсіпорындарға ынталандырады. МӘМС енгізу кезінде жағ­дай қалай өзгереді?

Тегін медициналық кепілдендірілген көмек пакеттерінің және міндетті сақтандыру  шеңберіндегі медициналық көмек пакетінің шеңберінде қызметтер қазір де, міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізумен де ақылы негізде көрсетілмеуі тиіс. Барлық қажеттілік кепілдендіріліп, қамтамасыз етіледі. Алайда, сұраныс ұсынысты туындатады. Азаматтар нақты медициналық сақтандыруға жарналар төлеумен МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер спектрі мен көлемінің бір мезгілде артатынын көргенде, ақылы қызметтерді тұтыну азаяды. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 7-бабына сәйкес сақтандыру пакетіне, оның ішінде  амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, жоспарлы стационарлық көмек,  амбулаториялық-емханалық көмек кіретінін еске саламыз.

Медициналық көмек түрлерін қайта бөлу Міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде экономикалық белсенді емесхалық үшін мемлекеттің жарна мөлшерлерін кезең бойынша арттыруды ескере отырып, тегін кепілдендірілген көмектен әлеуметтік сақтандыру аясында  жүзеге асырылады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button