Руханият

1 желтоқсан күні “Шалқыма” концерт залында “Күй – қазына” атты концерт өтеді

1 желтоқсан күні сағат 18:30-да “Шалқыма” концерт залында қарағандылықтар мен қала қонақтарына арналған Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің “Күй – қазына” атты концерті өтеді. 

Солист – республикалық байқаулардың лауреаты Қайрат Омаров.

Кеш қонақтары – ҚР еңбек сіңірген қайраткері күйші және дирижер Арман Жүдебаев, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Рахат Сәрсенов пен Абай Қойшыбаев.

Сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Полатхан Тәшімов, Дәуренбек Аркенов, республикалық байқаулардың лауреаттары Балқан Смағұлов пен Думан Жақан өнер көрсетеді.

Дирижерлер – “100 жаңа есім” жобасының жеңімпазы оркестрдің бас дирижері Ерлан Бақтыгерей және халықаралық конкурстардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.

Басқа материалдар

Back to top button