1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру басталады

1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру басталады. Шақыруды ұйымдастыру кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін қорғаныс істері департаментінің өкілдері өңір басшысының орынбасары Ербол Әліқұловтың қатысуымен өткен кеңесте талқылады.

Сондай-ақ, кеңеске облыстың және аудандардың шақыру комиссияларының мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, Қарағанды облысының жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары қатысты.

– Күзгі шақыру 1 қыркүйекте басталып, 28 желтоқсанға дейін жалғасады. Кездесуде шақыру барысында туындайтын мәселелер талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша әскерге шақыру науқанын өткізу кезінде барлық мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы туралы ұсынымдар алынды, – деді облыс әкімінің Әскери қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Қанат Әбілханов.

Сондай-ақ, кездесу барысында жергілікті атқарушы органдар мен әскери басқару органдарының қойылған міндеттерді орындамаған өкілдері тыңдалды.

Кеңес соңында өңір басшысының орынбасары – шақыру комиссиясының төрағасы Ербол Әліқұлов Қарулы Күштерді сапалы жасақтау жөніндегі кеңестің барлық қатысушыларына міндеттер қойды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.