Руханият

1 сәуір – Қазақ өнері күні

2019 жылы Қарағандыда «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен «Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің» тұсауы кесілген-тін. Осы Қазақ күнтізбесіндегі  1 сәуір – Қазақ өнері күні болып белгіленген. Осы күннің қарсаңында республикалық Qazaq club-тың, облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің қолдауымен  80-нен астам білім ордасында Қазақ өнері күніне орай тәрбие сағаты, тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылып, жас жеткіншектер өз өнерлерін көрсетті.

Мәселен, Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында оқушылар сынып сағатта және үзіліс кезінде домбырада ойнаса, Мағжан Жұмабай атындағы гимназияның барлық сыныбында  «1 сәуір – Қазақ өнері күні» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.  «Қазақ өнері тарихы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, соңы сазды кеш бағдарламасына ұласты.

Ал, Ә.Ермек атындағы мектеп-лицейінде 10-сынып оқушылары арасында әншілік дәстүр, халық өнері мен музыкасын насихаттау мақсатында «Өнер – өмір өрнегі» атты танымдық-интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Абай атындағы мектеп-гимназиясында оқушылар «Нұрғиса ағамдай боламын!» атты сынып сағатында өз өнерлерін көрсетті.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button