Бас тақырып
1 наурыз – алғыс айту күні
Бүгін, 1 наурыз – Алғыс айту күні. Алғыс айту күні 2016 жылдың 1 наурызынан бастап аталып өтеді.
Бұл – азаматтардың бір-біріне құрмет көрсетіп, алғыс айтатын, елді бірлікке шақыратын мереке. Еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп, ел ертеңі үшін еңбек етіп жатыр. Бұл – еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына біріктіретін күн.
Осылайша сол жылдан бастап елімізде «Алғыс айту күні» халық мейрамы ретінде аталып өтеді.
Қазақстан – көптеген ұлт өкілінің басын біріктіріп отырған мемлекет. Алғыс айту күні соның куәсі. Себебі бұл күні қазақстандықтар ұлтына, діні мен жас ерекшелігіне қарамастан бір-біріне алғыс айтады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА