Бүгін Қазақстан Президенті үндеу жасайды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.


«Бүгін сағат 20:30-дa Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жасайды. Президент пандемияға қарсы күрес барысында барша қазақстандықтарды мазалаған проблемалар туралы айтуды жоспарлап отыр», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.