АймақЖаңаарқа

Оң баға берді

Ауданның тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Жаңаарқа ауданына арнайы атбасын бұрған облыс әкімінің орынбасары Абзал НҮКЕНОВ бірнеше құрылыс алаңында болып, атқарылған жұмысқа оң баға берді.

Спорт кешенін ағымдағы жөндеуге бөлінген 29 миллион 62 мың теңге қаржы толық игерілуге таяу. Қазіргі қарқынмен жұмыс тамыздың ортасында толық аяқталады, – деді, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Медет Мұқажанов.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында салынатын 464 оқушыға арналған мектеп құрылысымен де танысты. Оның жалпы құны – 2 023,3 миллион теңге, мердігер – “Карагандастройконструкция” ЖШС.

Аудан үшін маңызы үлкен тағы бір құрылыс нысаны – жаттығу залы бар жабық бассейн. Оны биыл желтоқсанда ел игілігіне айналдыру үшін 373 миллион 051 мың теңге қаржы игеру керек. Құрылыс қазір белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Әлібек ӘБДІРАШ.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button