Спорт

Трилогия: тағы да кейінге шегерілді

Mathroom Boxing промоутерлік компания басшысы Эдри Хирн қазақстандық боксшы Геннадий ГОЛОВКИН мен мексикалық Сауль «Канело» АЛЬВАРЕС арасындағы жекпе-жек желтоқсанда өтуі мүмкін екенін айтқан болатын. Ал, кейінгі мәліметтерге сүйенсек, жекпе-жек келесі жылға шегерілген.

Хирннің айтуынша, «Головкин-Шеремета жекпе-жегі – тамызда, «Канело» мен Сондерс – қыркүйекте, ал одан кейін Головкин мен «Канело» рингке желтоқсанда шығады. Жыл соңына қарай жағдай түзелсе, қалың көрермен Лас-Вегасқа оралады» деген сенімі бар.

Бұл мәліметті Альварестің командасы да растап отыр. «Канелоның» бапкері Эдди Рейносо «Box Azteca» арнасына берген сұхбатында биылғы жоспарлары туралы айтқан. Оның айтуынша, биыл «Канело» екі жекпе-жек өткізеді, біреуі титулдар бірік тіретін кездесу екен.

«Биыл шынымен екі кездесу өткізгіміз келеді. Мамырда жекпе-жекке шыға алмадық, бірақ енді қыркүйек пен желтоқсанда ұйымдастыруға тырысамыз. Иә, біз әлі де Билли Джо Сондерсті айтып отырмыз. Сондай-ақ, біздің жоспарда Калеб Плант пен WBC чемпионы Дэвид Бенавидес бар. Ал, Головкинмен арадағы жекпе-жек тек желтоқсанда өтуі мүмкін. Өйткені, «GGG» Шереметаны жеңбей, «Канеломен» жұдырықтаспайтынын айтты», – дейді Рейносо.

Айтпақшы, таяуда жыр болған жекпежекке қатысты тағы бір ақпарат тарады. ESPN телеарнасының мәліметінше, Головкин – Альварес арасындағы үшінші жекпежек 2021 жылға шегерілуі ықтимал.

Басында кездесуді биыл күзде өтуі мүмкін деген едік. Бірақ, бұған тәжтажал айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.

Не десек те, пандемия басылған соң да, боксшылар бірден жұдырықтаса қоймайды. Себебі, «Канело» биыл Сондерспен көрерменсіз жұдырықтасуға келісімін берген. Ол уақытта Головкин польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы IBF титулын қорғауы керек.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button