Спорт

Семсерлесу: өзгерістер енгізілді

Халықаралық семсерлесу федерациясы Олимпиадаға іріктеу турнирінің жаңартылған нұсқасын және аймақтық турнирлердің аяқталатын уақытын хабарлады.

Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінің ережесі бастапқы қалпында қалды. Тек кішігірім өзгерістер енгізілген. Жекелей сында әр қару түрінен 34 спортшы бақ сынайды. Оның ішінде, 24 спортшы – командалық турнирге қатысу мүмкіндігін алған елдер қатарынан. Ал, 6 спортшы FIE рейтингі бойынша іріктеледі. Олар аталған қару түрі бойынша командалық жарыс түрінен қатыспайтын елдерден болуы тиіс. 4 спортшы аймақтық іріктеу турнирлерінің жеңімпазы ретінде қатысады (әр географиялық аймақтан 1 спортшыдан). Жапония жарысты қабылдаушы мемлекет ретінде сегіз спортшы қатыстыру мүмкіндігін алды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button