АймақҰлытау

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында жаңа мектеп салынды

1 қыркүйекте Ұлытау ауданының Бетбұлақ ауылында 80 орындық жалпы білім беретін орта мектеп пайдалануға беріледі. Оны апатты мектептің орнына салған болатын.

№14 Алғабас мектебінің ескі ғимараты 1974 жылы салынған. Бірақ ғимарат қазіргі уақытқа дейін пайдалануға жарамсыз жағдайда болды.

Ғимарат – типтік, екі қабатты, екі блоктан тұрады. Жаңа оқу орны заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталды.  Онда 17 оқу кабинеті, лингафондық-мультимедиялық кабинеттер, шеберханалар, спорт залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинеттер бар.

Жаңа мектепте барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, штаттық режимде 77 бала бiлiм алатын болады.

Басқа материалдар

Back to top button