Әдебиет

«Өзiндiк дара дарыны ұнайды…»

«Серік Ақсұңқарұлының талантын туған жердің Ақсұңқарын сақтағандай сақтап, аялауымыз керек!»

Ғафу Қайырбеков,

1986 жыл. «ХХ ғасырдың 20 сәті» хақында.

***

«Ақын Серiк Ақсұңқарұлын өз басым шын мәнiнде жақсы көрем. Маған оның өзгелерге мүлдем дерлiк ұқсай бермейтiн өзiндiк дара дарыны ұнайды. Бүкiл болмыс­-бiтiмi, кескiн-­келбет, жан­-тәнi түгел ғана өлең-жырдан жаратыла салғандай болып көрiнетiн ақындар болады. “Ақын деген – барша жұрттың алдында ақ жанын айқара ашып тұратын адам” дептi ғой Шығыстың бiр ойшылы Акутагава Рюноскэ. Серiк солардың бiрегейi».

Сәкен ИМАНАСОВ, ақын.

***

«Серіктің әр жинағын оқыған сайын Борхестің «Кітап оқырманға қуаныш сыйлауы керек» деген сөзінің растығына көзім жете түскендей болады. Қатты қуанатыным Ақсұңқардың Серігі поэзияға келгендегі сәбидің сезіміндей пәктігінен айнымай, өлеңді қаламмен емес жүрегінің тазалығымен жазып келеді. Міне, сондықтан да оның жыр жинағын оқығанда ақындық мінезімен жан бітірген өлеңнің рухы сөйлеп қоя береді».

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ,

әдебиет сыншысы, публицист.

Басқа материалдар

Back to top button