Жылжымалы бекет жолға шықты

   Кеше біздің облысқа жылжымалы бекет келіп жетті. Тозығы жеткен «темір тұлпарларды» қабылдау бекеті.

Егер, ескі көлігіңіз болса, оны тұрғылықты жеріңізде-ақ саудалауға мүмкіндігіңіз бар. «Бір терезе» қағидасы арқылы тапсырған көлігіңіз үшін қаражат алыңыз немесе көлік сатып алуға берілетін жеңілдік сертификатына айырбастаңыз. Сондай-ақ, мобильді бекет жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар (І топтағы) үшін арнайы мобильді топ жұмыс істейді. Яғни, аталған санаттағы азаматтар көлігін үйінде отырып сата алады.

Әлеуметтік маңызы бар жобаны ҚР Энергетика министрлігінің бастамасымен «ӨКМ Операторы» ЖШС жүзеге асыруда.

Елді мекен аумағына жиналған көліктерді тұрақты қабылдау орнына жеткізуді «ӨКМ Операторы» ЖШС өзі жүргізеді. Ескі көліктерді жеңілдік сертификатына ауыстыру бағдарламасының талабын халыққа түсіндіріп, қандай отандық автокөлікті алуға болатындығын таныстыру мақсатында қазақстандық автоөндіруші өкіл топ құрамында бірге жүреді.

Сонымен, кешелі-бүгінді Шахтинск қаласында аялдаған бекет 1-2 қарашада Теміртау қаласында қабылдау жүргізеді. Ал, 9-13 қараша аралығында балқаштық тұрғындардың ескі көліктерін қабылдайтын болады.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.