Қарағанды

Жылы аялдамалар салынады

Осыдан жарты жыл бұрын әкімдік аялдамаларды жетілдіру бойынша жұмысты бастайтындығын қарағанды­лықтарға уәде еткен. Қаңтар айының соңына дейін қала әкімдігі жабық жылытылатын аялдамалар салатындығын хабарлады. Белгілі болғандай қыста жылы, жаз мезгілінде салқындататын құрылғысы іске қосылатын аялдама ең бірінші «Боулинг» аялдамасына тұрғызылмақшы.

– Көптен бері жоспарланған жабық, жылытылатын аялдамалар Қарағанды қаласында салынады. Аялдаманың ашық және жабық бөліктері бар. Жабық бөлігіне бір уақытта 20 шақты адам сияды. Арнайы құрылыс материалмен қоршалып, жылыту жүйесі тартылады. Аялдамалар адамдарды жазда ыстықтан, қыста аяздан қорғайды. Халықтың игілігі үшін қанатқақты жобаны іске асыруға тапсырма берілді, бюджеттен қаржы қарастырылып, инвесторлар да тартылады,–деді қалалық жолаушылар көлігі бөлімінің сектор меңгерушісі Ескендір Қабидолла.

Нұрдос КӘРІМ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button