Жаңалықтар

Жылу тұрақты беріледі

   Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ тапсырмасымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мамандары көпқабатты үйлерді аралап, жылуын тексерді. Еске салайық, Қарағанды өңірінде жылу беру маусымы 27 қыркүйекте басталды.

Ең алдымен, әлеуметтік маңызы бар мекемелерге, сондай-ақ, жылуды қабылдап алуға дайын нысандарға жылу берілді. Қазіргі уақытта маусымға дайындықты ерте бастаған пәтер иеленуші кооперативтер үйлерді жылытып үлгерді.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Татьяна Шатохина облыс орталығындағы бірнеше үйге бас сұқты. Оның ішінде, Н.Әбдіров даңғылындағы №28/2 үйдің, Крылов көшесіндегі №№44, 48 үйлердің, Құрылысшылар даңғылындағы №29 үйдің тұрғындарымен, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдерімен кездесіп, пәтерлердің жылуын тексерді. Жалпы, ПИК мамандарының жұмысы назарда болатындығын атады. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инспекциясымен толықтай тексеріс жұмыстарын өткізіп, тұрғындар мәселесімен нақты айналысып жатқандығын сөз етті.

Татьяна ШАТОХИНА, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

– Қазіргі таңда 1429 көп қабатты тұрғын үй жылуға қосылған. Тұрғындарға сапалы жылу беру үшiн жылу жүйелерiнiң ақаулары жөндеуден өткізілді. Бұл орайда, әр тұрғынның пәтерiндегi жылу жүйесiн қысыммен тексеруге көңiл бөлініп отыр. Бүгінде көптеген пәтерлердегі тік құбырлар мен шойын батареялары ауыстыруды қажет етеді. Құбыр желілерінің ескіріп тозуы, бітелуі жылудың бір пәтерден екіншісіне кедергісіз жетуін қиындатады. Осыған байланысты туындайтын қиындықтар ПИК жетекшілерінің тұрақты назарында болуға тиіс. Жалпы, қалада үйлерді жылуға қосу белгіленген кестеге сай жүргізілуде.

Нұрдос КӘРІМ

Қарағанды қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button