Жаңалықтар

Жыл үздіктері анықталды

Жуырда Жаңаарқа ауданының əкімі Юржан БЕКҚОЖИН өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген Жыл үздіктерін марапаттады.

Айта кетсек, аудандық орталықтандырылған аурухананың функционалдық зерттеу кабинетінің дәрігері Нұргүл Құмарова – «Үздік медицина қызметкері», Б.Амалбеков атындағы мектептің география пәнінің мұғалімі Наталья Сухарева – «Үздік ұстаз», балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нариман Тұтқышев – «Үздік спортшы», кәсіпкер Серік Тойымбаев – «Үздік кәсіпкер», Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы Рымжан Сауқымбеков – «Үздік мемлекеттік қызметкер», мердігер Ерғали Беспаев – «Құрылыс саласының үздігі», аудандық «Таза су» мекемесінің су жүйесі бойынша слесарі Ербол Түсіпов – «Коммуналдық қызмет саласының үздігі», аудандық полиция бөлімі штаб тобының аға инспекторы, полиция майоры Әлима Сұлтанова – «Үздік полиция қызметкері», аудандық мәдени-сауық орталығының қызметкері Айман Айтжанова – «Үздік мәдениет қызметкері», аудандық теміржол станциясының вагон құрастырушысы Қалижан Омаров – «Теміржол саласының үздігі», Қарағанды мұнай тасымалдау басқармасы Атасу бас мұнай айдау станциясы технологиялық құрылғыларының машинисі Ғалы Кәрібаев – «Үздік мұнайшы» ретінде арнайы сертификаттарға ие болды.

Сондай-ақ, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен «Арқа Құрылыс 2009» ЖШС директоры Серік Базарбеков, ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Алғыс хатымен аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, «Ауыл әйелдерінің І форумы» аясындағы «Үздік жастар көшбасшысы» номинациясының жеңімпазы Орынжан Әбілдина, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хатымен «Сәкен және Компания» ЖШС мекемесінің қызметкері Сейітқали Ақмолдин марапатталды.

Индира РАХЫМБАЕВА,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button