Басты тақырыпПоэзияРуханият

Жол кескен жылқы

     Таң бозара Оңтүстік-Шығысқа баратын Тәттімбет көшесіне түскен едім. Кенет, ағылған көліктерді тоқтатып, бір үйір жылқы айдаған жылқышы жолды кесіп өтті. Астымдағы көлікте жүз аттың күші бар еді…

Теңіз де теңіз бола ма көлдер

бөгелмей?

Кенезем кеуіп, кеудемді шөл

кернегендей.

Даланы кезген сәйгүлік

қалаға кіріп,

Кескестеп өтті,

«Кәнекей, жол бер!» дегендей.

Жоқ, тұлпар емес, кәдімгі

кісі ме дедім,

Жылқыдай ұқтым жылқының

кісінегенін.

Аңқам бір кеуіп, Алтайға

аңсарым ауып,

Аппақ шер түсіп кеткендей

ішіме менің.

Бауырын жазып, сауырын

сұңқардай қағып.

Жөңкілген аттың жүрісін

бұлтармай бағып.

Жүз аттың күшін менсінбей

көлігімдегі,

Шұбап бір кеткім келген-ай,

тұлпарға айналып.

Шұбап бір кеткім келген-ай,

желменен еріп,

Адам боп туған азап бір,

бермеген ерік.

Ұрымның елін үркітіп,

Қырымның елін,

Кентавр құсап тоқтарма ем

кермеге келіп.

Кентавр құсап жортар ма ем

соны күндегі,

Бір үйір жылқы …білмеймін,

жорыдым нені?

Бір үйір жылқы… жөнеді

көз ұшында қап,

Жүз аттың күшін көзге ілмей

көлігімдегі.

Рауан ҚАБИДОЛДИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button