АймақБас тақырып

Жерлесіміз, медицина саласының майталманы Сергей Лохвицкий өмірден өтті

Елімізге белгілі медицина саласының майталманы, жерлесіміз Сергей Викторович Лохвицкий өмірден өтті. Бұл туралы аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Сурет облыс әкімдігінен

– Жерлесіміз, елімізге белгілі медицина саласының майталманы Сергей Викторович Лохвицкий өмірден өтті. Ол жоғары кәсібиліктің, медицинаға деген адалдық пен халыққа жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісі бола білді.

Оның көп жылғы еңбегі және отандық медицинаның дамуына қосқан зор үлесі құрметке лайық.

Сергей Викторовичтің есімі оның әріптестері, ізбасарлары мен емделушілердің жүрегінде мәңгі сақталады.

Марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, – деп жазды Ермағанбет Бөлекпаев.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button