Қарағанды

Жобалар пысықталды

    Кеше Қарағанды қаласы әкімдігінде сәулет-қала құрылысы бойынша кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде Қарағанды теміржол вокзалын реконструкциялау, Гапеев көшесіндегі тұрғын үй кешенінің құрылысы сызба жобалары қаралып, жобаларға енгізілетін өзгерістер пысықталды.

«МұнайИнтерҚұрылыс» ЖШС бас инженері И.Болдырев керуенсарайды кеңейту жобасы бойынша баяндама жасады.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, Қарағанды вокзалы келер жылдан бастап реконструкциялаудан өтпек. Желтоқсан айының басында облыс әкімі Ерлан Қошанов, қалалық мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық кеңес мүшелері вокзалға барып, сызба жобамен танысқан еді. Аймақ басшысы вокзал ғимаратының тарихи келбетін сақтап қалудың маңыздылығына тоқталды. 1956 жылы іргетасы қаланған вокзалға биыл 61 жыл толды. Сапар қорытындысында Ерлан Жақанұлы аталған жобаны Сәулет-қала құрылысы бойынша кеңестің кеңейтілген отырысында қарап, талқылап, тиісті шешім қабылдауды тапсырды.

«Граждан Пром Проект» ЖШС инженері Д.Теңізбаев Гапеев көшесіндегі 37А, 38А жер учаскелерінде бой көтеретін тұрғын үй кешенінің сызба жобасын таныстырды.

Қазан айында облыс әкімдігі жанындағы комиссияның отырысында Ерлан Қошанов заңнама шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне берілген, мақсатына сай пайдаланылмай отырған жер учаскелері мәселелерін шешуді міндеттеген еді. Бұл мәселе 2016 жыл соңында облыстық прокуратура ұсынысында көрініс тапты. Қала құрылысы құжаттамасына сәйкес емес жер учаскелері Қарағанды қаласының Бас жоспары бекітілгенше берілді (ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы №1205 қаулысы).

Облыс әкімінің тапсырмасын және облыс прокуратурасының ұсынысын орындау мақсатында аталған жұмыстар қолға алынып, сәулет-қала құрылысы бойынша кеңестің қарауына 5 жер учаскесі ұсынылды. «Астана сенім» ЖШС бас сәулетшісі Н.Бахтин баяндама жасады.

Жиында Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жергілікті атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. Кәсіпкерлік кеңесінің ұсыныстары мен кепілдемелеріне сәйкес кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шаралар келер жылы да жалғасын таба беретіндігіне тоқталды.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button