Жоба мақсаты — гендерлік теңдік

Жергілікті бірлестіктерді тұрақты дамыту» қоғамдық қоры Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мұрындық болуымен «Гендерлік мұқтаждық пен қажеттіліктер картасы: этностық сипаттың, аймақ пен дәреженің ықпалы» атты әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты – дәрежелік, этникалық және жас бойынша факторларды есепке ала отырып, әйелдердің гендерлік мұқтаждығын зерттеу. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады. Аталмыш жоба Қазақстандағы әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеуге, отбасы институтын қолдау, гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін жеке, корпоративтік, квазимемлекеттік секторды белсенді тартуға, сондай-ақ, елдің қоғамдық-саяси өміріне атсалысатын әйелдердің үлесін арттыру үшін ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.