Қарқаралы ауданында бір шаруақожалық иесі өзіне тиесілі жылқы малының ұрланғанын айтып полицияға шағым түсіреді. Полиция қызметкерлері 10 іздестіру тобын құрып, барлық елді-мекенді аралайды. Алайда, жылқы ұрланбаған. Көлдердің бірінен 47 жылқының өлексесі табылды.
– Іздеу шаралары Қарқаралы ауданында ғана емес, облыстың көршілес аудандары мен Павлодар облысының Баянауыл ауданында да жүргізілді. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жылқылар анықталды. Көлдердің бірінен 47 жылқының өлексесі табылды. Жануарлардың иелері өз малдарын таныды. Алдын ала болжам бойынша түнде далада жүрген табын мұз басқан көлге түсіп кеткен. Мұздың жұқалығы салдарынан жануарлар суға құлаған, – делінген ІІМ мәліметінде.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz