Шахтинск

Жігерлі жастар жиыны

   Жуырда Шахтинск қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер орталығында қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық еріктілер қозғалысы күніне орай фестиваль өтті. Жоғары дәрежеде өткен мерекелік шарада технологиялық және тау-кен индустриалдық колледжінің студенттері мен Новодолинский кенті жастар ресурстық орталығының белсенді жастары өз өнерлерін ортаға салды.

Шараға қырықтан астам жастар қатысып, таланттарын көрермендерге танытты.

Әр команда өз өнерлерімен ерекшеленді. Дайындап келген таныстыры­лымдарында еліміздің даму жолын ай­­­шықтап, еріктілер қозғалысының ат­­­­қарған жұмыстарын жұрт назарына ұс­ын­ды. Өнерлі жастар жыр оқып, би би­леп, фестиваль көрігін қыздыра түсті. Сондай-ақ, қатысушылар театрланды­рылған сахналық көріністер қойып, адам­гершіліктің, ізгіліктің, әсіресе, мейі­рім­діліктің шынайы бейнесін көрсете біл­ді.

Еріктілер қызметі – мұқтаж адам­дар­ға риясыз, ерікті көмек көрсету, қалтқысыз қолдау көрсетуге бағытталған адам қызметінің ерекше үлгісі. «Волонтер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «өзі тіленіп жұмыс істеуші» деген мағына береді. Демек, волонтерлер мұқтаж адам­дардың немесе жалпы қоғамның мүддесінде тегін, ерікті түрде еңбек ететін адам. Еріктілердің халықаралық белгісі – қызыл V әрпі болған екен. Сондықтан, Шахтинск жастары еріктілер қозғалысы құрылғалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарияларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үлкен көмек көрсетіп келеді. Біз осыған қуанамыз. ҚР «Жастар саясаты туралы» Заңының бір тармағына еріктілер қозғалысы енгізілді. Біз жыл сайын жастар арасында осындай өзіндік маңызы бар фестивальдар, басқа да шаралар ұйымдастыруды қолға алудамыз, – дейді қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Шолпан Сыздықова.

Амангелді ТҰРЖАНОВ.

ШАХТИНСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button