АймақБұқар жырау

Жиһаз цехы іске қосылды

Жаңаталап ауылында жыл аяғында жиһаз жасау цехы іске қосылды. Оны жергілікті тұрғын, көпбалалы ана Күнсәуле Рысбай ашты. Күнсәуленің төрт баласының алды 8-сыныпта оқыса, ең кішісі бір жастан жаңа асқан.

Күнсәуле Рысбай өткен жылдың қыркүйек айында «Бастау-бизнес» жобасы шеңберінде оқып, аудан әкімінің 1 225 200 теңге грантын жеңіп алған еді. Осы алған ақшасына цехқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, жұбайымен бірге тағы да екі адамды жұмысқа алып шаруаны дөңгелетіп әкетті. Қазір олар айына 30-40 жұмсақ диван жасап шығарып, тұтынушыларға жөнелтеді.

Ержан ИМАШ.

Бұқар жырау ауданы

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button