Жезқазғанда мектеп түлегінің мәйіті табылды
Қарағанды облысы Жезқазған қаласында 11-сынып бітірушісінің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім мектеп бітіру кешінен кейін қаза болған. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
18 жастағы мектеп түлегінің мәйіті қала көшелерінің бірінен табылған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы қала тұрғыны ұсталған.
«2018 жылдың 16- маусымы күні Жезқазған қаласының полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен мәйіт тапқан. Қаза болған адамның кім екені анықталды. Бұл 2000 жылы туылған Жезқазған қаласының азаматы. Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы күдікті ұсталды. Ол жанжал кезінде 18 жастағы жігіттің денесіне пышақ салғанын мойындады», — дейді Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.
Ішкі істер департаментінің мәліметінше , қазіргі уақытта күдікті «үйқамақта». Одан ешқайда кетпеу жайлы қолxат алынған. ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы, 1 тармағына сай, яғни «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.