Жезқазғанда көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шаралар легі пәтер кілтін табыстау рәсімінен басталды. Мереке аясында алты бала тәрбиелеп отырған екі отбасы, Байкенжиновтар мен Жұмағұловтар әулеті баспаналы болды.
Үш бөлмелі қос пәтердің кілтін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова табыстады. Ол салтанатты шараға қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, пәтер иелеріне құт береке-бірлік тіледі.
Аталған пәтерлер республикалық бюджет есебінен арнайы көпбалалы аналар үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша алынған. Жезқазған қаласы бойынша жоспарланған 30 пәтердің бүгінгі күні 25-і сатып алынды.
Отбасы-мемлекеттің бөлігі, ал отбасына қамқорлық жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі…