Жаңалықтар

Жетінші «Қасым» кубогы мәресіне жетті

Үнемі жақсы істердің бастамашысы болып жүретін Қарағанды бұл жолы да сол қалпынан айныған жоқ. Осыдан 7 жыл бұрын Ақын Серік Сағынтай басқаратын «Қасым» журналының қызметкерлері алғаш рет «Қасым» кубогын ұйымдастырып еді. Биыл сол дода өз жалғасын тапты.

Бұл жолы VII «Қасым кубогынҚарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.Турнирге Астана, Павлодар, Қарағанды қалаларынан 8 команда қатысты.

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған турнирдің ашылу салтанатында басқарма басшысы Мирас Құттыбай мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Астананың «Алтын қыран» командасын бастап келген ақын Дәрен Берікқажы, «Арқа» командасының капитаны айтыскер Айтбай Жұмағұлов және ақын Қайрат Асқар жас өнерпаздарға лебізін білдірді.

Осылайша, 8 команданың арасында өткен 8 сағаттық доданың қорытындысы мынадай:

Кубок иегері – «Арқа» командасы (Қарағанды);

2орын – «Jastar tynysy» командасы (Қарағанды);

3-орын – «Алтын қыран» командасы (Астана );

4-орын – «Астана» командасы (Астана);

«Баянауыл» (Павлодар), «Сәкен» (Қарағанды), «Рух» (Қарағанды), «Ulaǵat» (Қарағанды)

Жекелей жетістіктер:

«Үздік қақпашы» – Наурызбай Есей «Сәкен»;

«Үздік бапкер» – Дәурен Берікқажы «Алтын қыран»;

«Үздік шабуылшы» – Нұрмұхамед Байсүгіров (11 гол) «Арқа»;

«Әдемі гол авторы» – Бегім Хантөре «Жастар тынысы»;

«Үздік жартылай қорғаушы» – Қайнар Әлетаев «Астана»;

«Үздік қорғаушы» – Ринат Іңірбай «Баянауыл»;

«Үздік ойыншы» – Құмарбек Азат «Алтын қыран»;

«Үздік жанкүйер» – «Ulaǵat» жастар клубының жанкүйерлері;

«Үздік ұйымдастырушы» –Марғұлан Уәли «Рух».

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай жастардың басын қосқан аталмыш турнир Жастар жылы да жалғасын табады.
Қатысқан командаларға, көрермендерге алғыс білдіре отырып, баршаңызды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз!

Нұрмұхаммед Байсүгіров, журналист

Басқа материалдар

Back to top button