Спорт

Жерлестер жарады

Пара жүзуден Сингапурде өткен Әлем кубогінің сериясында бақ сынаған жерлестер жүлделі оралды. Әлемнің 22 елінен 177 спортшы қатысқан дүбірлі додада ел намысын қорғаған қарағандылық спортшыларымыздың қанжығасы бос қайтпады.

100 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында Андрей Афанасьев – «алтын» жеңіп алды. Ал, Диас Кенжебек 200 метрге аралас жүзуден – алтын, 100 метрге еркін жүзуден – күміс, 100 метрге брасс әдісімен жүзуден – қола жүлде иеленді. Наталья Звягинцева 100 метрге еркін жүзуден, 50 метрге баттерфляй әдісімен және 100 метрге шалқалап жүзуден қола медаль жеңіп алды. Роман Потапов болса 100 метрге брасс әдісімен және 100 метрге шалқалап жүзуден екінші болып, қос «күмісті» қанжығалады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button