ЖаңалықтарСпорт

Жерлестер еншісінде жиырма үш медаль

15–19 ақпан аралығында Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өткен ММА бойынша Қазақстан чемпионатында қарағандылық спортшылар 4 алтын, 8 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды.

Суреттер: спорт басқармасынан

Чемпионатқа еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалалардан барлығы 700-ге жуық спортшы қатысқан.

Облыс намысын 60 жауынгер лайықты қорғап, солардың ішінде Егор Желтов, Қанағат Мағмур, Еламан Тишпаев, Жанеля Құсайынова ыздар арасында) чемпион атанды. Екінші орынды Олжас Төлеген, Олег Широбоков, Мадияр Серікбай, Даниил Губин және Марат Саражатов иеленді. Қыздар арасында Назерка Елеубекова, Татьяна Гайнуш және Сабина Кабиевалар күміс жүлдеге ие болды.

Мұрагер Байтөлеуов, Аңсар Өмірбеков, Отарий Тушиев, Даниил Ротэрмель, Ақжол Мирғазин, Бектас Бекеш, Ернұр Нұрасылов, Айтуар Асқар және Виталий Карпунов қола медальды қанжығаларына байлады. Қыздар арасында Елизавета Коломицева мен Асылжан Әмірбекова жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Жылдан жылға бәсекелестік пен спортшылардың деңгейі артып келеді. Қазақстан ММА бойынша әлемдік аренада көшбасшылардың үштігіне кіреді, ал Азияда 10 жылдан бері бірінші орыннан түскен емес. Біздің спортшылар мінез бен жігердің арқасында осындай жеңіске жетті, – дейді Қарағанды облысының ММА федерациясының басшысы Владимир Абросимов.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button