Басты тақырыпҚарқаралы

Жерлесіміз – дуатлон жүлдегері

    Аудан әкімі Халел МАҚСҰТОВ ел чемпионатынан жүлдемен оралған спортшы Думан БЕЙСЕНАЕВТЫ қабылдап, аудан абыройын асқақтатқан жерлесімізге жеңісті жолдар тіледі.

Елімізде өтетін үлкен жарыстарда бағын сынап, жетістіктерге жетіп жүрген Думан Шымкент қаласында өткен дуатлоннан ҚР чемпионатында күміс медальды олжалады.

Триатлон федерациясының ұйымдастыруымен «Алтын адам» жарысына еліміздің түпкір-түпкірінен әуесқой және кәсіпқой спортшылар қатысты. Олар жаяу жүгіру және велосипедпен жүру бойынша сынға түсті.

Үнемі жаттығу үстінде жүретін, Қарқаралы тауларында жазда – велосипедпен, қыста шаңғымен шынығатын жерлесіміз аталмыш жарысқа бір жарым ай бойы дайындық жасаған. Осы жолы Думанның таулы жерде жүруге арналған велосипедін жарыс ережесіне сай жабдықтау қажет болды. Себебі, дуатлонда жазық даламен жүруге арнайы велосипед керек еді. Абырой болғанда, Думанмен бұрыннан бері жақсы таныс «LIMPOPO OUTDOOR» спорт дүкенінің ұжымы көмекке келген. Дүкен басшысы Александр Ермоленок бастаған қызметкерлер жазық жерге арналған доңғалақтарды ұсынып, Думанның велосипедін жабдықтап берді.

Бапкер, секундант сияқты қолдау­шы-көмекшілері болмаса да, аламанға асыққан Думан 8 шақырым жүгіріп, 20 шақырым велосипедпен жүріп, тартысты жарыста екінші келді.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button