Жерді тиімді пайдалану – азық-түлік қауіпсіздігінің негізі
Елбасы 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі күні жер заңнамасын жүзеге асыру саласындағы жер саясатының негізгі бағыты жер нарығын дамыту, жер ресурстарын пайдалануға инвестициялар тарту, жерді тиімді пайдалану мен қорғау үшін жағдайлар жасау болатындығын атап көрсетті.
Облыс аумағы 42 млн. 798 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 14 млн. 022 мың га, немесе облыс жер қорының 32,8 %. Бұл жерлер 7 мың 338 жер пайдаланушыға бекітілген.
Елбасының жолдауын орындау мақсатында 2015 жылғы 9 ай ішіндегі облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен аудан әкімдіктеріне босалқы жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан барлық жыртылмалы – жарамды жерлерді, суармалы жерлерді айналымға тарту бойынша 2016-2020 жылдарға арналған жоспарларын жасауға тапсырма берілді. Жер қатынастары басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып жоспарларды жасақтады және бекітті.
Ауыл шаруашылығы айналымына енгізудің жылдық жоспарына сәйкес 2016 жылы ауыл шаруашылығы айналымына бекітілмеген ауыл шаруашылығы алқаптарының 418,5 мың га тарту жоспарланған, оның ішінде 51,4 мың га егістік жерлер.
2016 жылы әкімдіктермен нақты ауыл шаруашылығы айналымына ауыл шаруашылығы алқаптарының 367,0 мың га тартылған, оның ішінде 26,3 мың га егістік жерлер. Ауыл шаруашылығы алқаптарды айналымға тартудың жылдық жоспары 87,7 % , егістіктің – 51,2 % орындалған.
Босалқы жерден берілген жердің жалпы аумағы – 277 мың га конкурс бойынша берілді және 90,0 мың га инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша берілді.
Ауыл шаруашылығы айналымына тартумен белсенді түрде Ақтоғай, Қарқаралы және Осакаров аудандары айналысып, жоспар 252, 204, 100 пайыздарға орындалды.
Жер қатынастары басқармасы облыстың аудан кескінінде ауыл шаруашылығы жерлерінде жыртылмалы – жарамды және суармалы жерлерді пайдалану бойынша мониторинг жүргізеді.
Сонымен 2016 жылы облыс бойынша егістік өткен жылмен салыстырғанда 41 мың гектарға арттырылып, 2016 жылға арналған жоспармен салыстырғанда 56 мың гектарға артты.
Егістіктің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда Осакаров ауданында 36 мың га, Нұра ауданында 19 мың га, Абай ауданында 10 га және Бұқар жырау ауданында 7 мың га анықталған.
Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда Қарқаралы және Ұлытау аудандарында егістік 30 және 6 мың гектарға азайды.
Тыңайған жерлер өткен жылмен салыстырғанда 41 мың гектарға азайды, Нұра және Осакаров сияқты аудандарында 25 және 24 мың гектарға.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалану үшін облыс әкімдігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен бірлесіп «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалану жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру шараларының жоспарын» әзірлеген және бекіткен.
Сондай-ақ, облыс әкімінің (2016 жылғы 5 мамырдағы № 72-ө) өкімімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануға, айналымға енгізуге және тұрғын үй-коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылуына мониторинг пен бақылау жасау жөніндегі облыстық комиссия құрылды.
Осындай жұмыс топтары барлық аудандар мен қалалар әкімдіктерінде құрылды.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы өкілетті орган мен заңды тұлғалар арасында жасалған келісім шарттар негізінде «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі 33 қаулылар дайындап, ал облыс әкімдігі оларды қабылдаған, ол бойынша 24 жер пайдаланушыларға жер учаскелері берілді.
24 жер пайдаланушыларға берілген жерлердің жалпы аумағы облыс бойынша 3 777,4 га құрады.
Республикалық бюджетке қайтаруға жататын ауыл шаруашылығы өндірісінің шығын сомасы 106 555 356 теңге құрады.
Есепті жылы облыста елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары әзірленіп, бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 24/07 Қаулысымен және Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 30 Шешімімен бекітілген.
Сонымен қатар, жер қатынастары басқармасымен Балқаш, Жезқазған, Приозерск, Сәтбаев, Шахтинск қалаларының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту жөніндегі жұмыстар жүргізілген.
Облыстық мәслихаттың VI сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 шешімімен жоғарыда аталған қалаларының бағалау аймақтарының шекаралары және базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілді.
Басқарма Қазақстан Республикасы Президентінің жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы 2016 жылғы 5 мамырдағы № 248 жарлығы бойынша жер заңнамасының нормаларына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Жер реформасын түсіндіру барысында басқармамен жер заңнамасының жаңа нормаларына азаматтардың көзқарасын анықтау үшін жүргізіп жатқан жер реформа мәселелері бойынша сауалнама жүргізілген.
2016 жылдың мамыр айы мен қазан айының аралығында облыс бойынша тұрғындардың жер мәселелері бойынша түсініктер алу үшін «Call-орталық» қызметтерін жасады. Осы «Call-орталықтың» номерлеріне (56-89-59, 56-88-90) облыс тұрғындарынан 157 қоңырау келіп түсіп, 102 сұрақ бойынша түсініктеме беріліп, ал 51 сұрақ қала және аудан әкімдіктеріне уақытылы қарастыру және қоңырау шалғандарға жауап беру үшін жолданған.
Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2016 жылдың 7 маусымынан бастап облыстың қалалары мен аудандарында жер заңнамасын түсіндіру және Қазақстан Республикасының Жер кодексін жетілдіру бойынша ұсыныстарды жинақтау үшін қоғамдық пункттер ашылды.
Облыстық «Call-орталығына», азаматтарды қабылдау қоғамдық пункттерге және облыстың қалалары мен аудандарында басқарманың басшылығымен өткізілетін жеке кездесуде келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасының жер реформасы жөніндегі комиссиясына және Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесіне тұрақты жолданып отырды.
Жер қатынастары басқармасы жер реформасы жөнінде «Қазақстан-Қарағанды», «Астана» ТД мен Қарағанды Бірінші телеканалдарында сұхбаттар берді. Сондай-ақ, облыстық телеканалдарда басқарма мамандары телевизиялық бағдарламалар мен брифингтерде жер мәселелері бойынша сұхбаттарға қатысқан.
Сонымен қатар, жер қатынастары саласында әлі толық шешілмеген мәселелер де бар.
Мысалы, ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы алқаптардың түгендеу материалдары бойынша пайдаланылмай жатқан 1835,2 мың гектар, оның ішінде 214,0 мың егістік алқаптар анықталды.
Олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдануда.
Бұдан өзге, бірқатар қалаларда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды қамтамасыз ететін алаңдардың болмауына орай, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін бөлуде мәселелер туындап, жер учаскелерін алуға кезектер ұлғаюда.
Ағымдағы жылы басқарма алдында келесі міндеттер тұр:
– Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, 2017 жылға арналған барлық пайдаланылмай жатқан жыртылмалы-жарамды жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту жоспарын әзірлеу қажет;
– Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ревизия жүргізу және облыстық барлық аудандары мен қалаларында олардың тиімді пайдаланылуы мәселесіне талдау жасау;
– Ауыл шаруашылығы айналымына тарту және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
– Жер заңнамасы нормаларын түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесі облыс әкімдігінің, жер қатынастары басқармасының, қала және аудан әкімдіктерінің тұрақты бақылауында.
Д.ТЕРЕХОВ,
«Қарағанды облыстық жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының
міндетін атқарушы.