Жаңалықтар

Жер беріледі

Қарағандыдағы «Күнгей» шағын ауданында екі жүз жер телімі желтоқсанда жеке тұрғын үй құрылысы үшін беріле бастайды. Болашақ құрылыс орындарының барлық қажетті коммуникациялары жүргізілген.

Бұл аудандағы басқа да бос жер телімдеріне электр және кәріз желілері тартылмаған. Ол үшін қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Жұмыстар аяқтаған соң жер телімдері кезекте тұрғандарға таратыла бастайды.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов басқа қалалармен салыстырғанда Қарағандыда жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдері аз берілу себебі туралы сұрады.

– Жарлық жер телімдері, оның ішінде, «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша берілетін 260 учаске анықталған, – деді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров. – Бірақ, олардың көбісіне коммуникациялар өткізілмеген, сәйкесінше, біз оларды жеке тұрғын үй құрылысына бере алмаймыз. Қазір біз құжаттарды дайындап, жер телімдеріне электр және кәріз жүйелерін тартуды жоспарлап жатырмыз. Пилоттық режимде біз тартылған коммуникациялары бар жүз жер телімін тараттық.

Барлығы Қарағандыда жеке тұрғын үй құрылысына арналған 5770 жер телімдері беріледі. Кезекте 11 445 қарағандылық тұр. Біздің қаламызда жеке құрылысқа арналған жер телімдері оларға коммуникациялар тартылмағандықтан 2007 жылдан бері берілмеген еді.

Мемлекеттен жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге тегін түрде жер телімдерін алу

Жеке құрылысқа арналған жер телімдері ҚР азаматтарының жеке меншігіне тегін түрде 0,10 гектар көлемінде беріледі. Саудаға салынған (байқаулар, аукциондар) жер телімдері тізіміне енген жер учаскелері ғана берілмейді.

Басқаша айтқанда әрбір ҚР азаматы мен оралмандардың заңмен бекітілген құқығы бойынша тұрғын үй құрылысына 0,10 гектар жер тегін берілуі тиіс. Бұл ретте үміткердің меншігінде жылжымайтын мүліктің (пәтер, гараж, үй, жер телімі) бар-жоғы оған әсер етпеуі тиіс. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін беру ережелері туралы толығырақ egov.kz сайтынан білуге болады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button