Облыс әкімдігінде

Жемқорлық қайтсе жойылады?

Сыбайлас жемқорлыққа әкелетін әрекеттердің және сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу – осы екі міндет Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен отырысында талқыланды.

Nur Otan партиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның және 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндама тыңдалды. Бүгінгі таңда Қоғамдық кеңестің құрамы сапа және сан жағынан жаңартылды. Жұмысқа белсенді азаматтық ұстанымы бар қарағандылықтар тартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде бюджет қаражатын және нысандар құрылысы сапасын бақылау болып табылады, – деді облыстық мәслихаттың заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жанна Штергер.

Сондай-ақ, жастармен жұмысқа көп көңіл бөлінеді. «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп, орта және жоғары оқу орындарында мониторинг күшейтілді. Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы жасалды.

Бірнеше бағытта мемлекеттік органдармен бірлесіп «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді. Оның қызметкерлері тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күресуде, автожолдардың жөнделуіне, жолаушылар тасымалына, учаскелік инспекторлардың жұмысына, республикалық олимпиадалардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.

Парақорлықпен күресудің ең жақсы әдістерінің бірі – тәуелсіз комплаенс-қызметтерді енгізу. Өңірдің квазимемлекеттік секторының 132 ұйымында осындай қызметтер жұмыс істеп жатыр.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов 5 сәуірден бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және мемлекеттік қызметшілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту өкілеттіктері берілгенін еске салды. Осылайша, агенттіктің қарамағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті құралдардың барлық спектрі бар.

Қарқаралы, Нұра және Жаңаарқа аудандарының әкімдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы айтып берді. Мұнда мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы үшін фронт-кеңселер жұмыс істейді. Әлеуметтік желілерде азаматтарды жеке қабылдау және тікелей эфирлер өткізіледі. Ресми сайттарда сенім телефондары орналастырылған.

Отырыс соңында аймақ басшысы мемлекеттік органдардың барлық басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button