Облыс әкімдігіндеОблыс әкімі

Ағашты жосықсыз кескендер жазаланады

Қарағандыда ағаштарды кесу фактісі бойынша аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК пікірін білдірді. Облыс әкімі құқық қорғау органдарына орын алған фактілерге нақты назар аударуды тапсырды Ағаштарды санитарлық кесу ережелерін сақтамайтын және нормаларды ескермейтіндер әкімшілік заңнама аясында жауапкершілікке тартылуы тиіс. Бұл «Абсолют» сауда орталығының жанындағы соңғы жағдайға да қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

– Ағаштарды жөн-жосықсыз кесіп тастау фактілері орын алуда. Әкімдіктердің өзі жұмысты бақыламайды. Сондықтан, құқық қорғау органдарының жұмылуын өтінемін. Қолданыстағы заңнама аясында барлық заңды айыппұлдарды төлеуді қамтамасыз етіңіздер, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімі қала басшылығына өтемі ретінде ағаш отырғызуды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, жасыл желектерді санитарлық кесу ережелерін бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты шешім қабылданады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button