Жаңалықтар

Жеңімпаздар жолдама алды

     Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп–интернатында жоғары сынып оқушылары мен педагогикалық бағыттағы колледж студенттері арасында XIІ республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Облыстық білім басқармасы жанындағы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мұрындық болған шара – ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Оған қоса, кәсіби білім мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттырды. Сондай-ақ, талантты жастарды анықтап, оларға патриоттық, адамгершілік, рухани тәрбие беру көзделген. Биылғы байқауда жоғары сынып оқушыларынан 20 топ, гуманитарлық бағыттағы колледж сдуденттерінен 5 топ бақ сынады.

Сайыста Балқаш, Сәтбаев, Жезқазған, Саран, Қарағанды қаласы, Жаңаарқа, Шет, Нұра, аудандары және «Дарын» ММИ, Н.Нұрмақов атындағы ММИ, Жамбыл атындағы ММИ, №2 білім инновация лицейінің жоғары сынып оқушылары қатысты. «Педагогикалық колледж студенттері» аталымында Саран, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды гуманитарлық колледждері мен Болашақ маңызды білім беру колледжінің студенттері біліктіліктері бойынша сайысқа түсті.

Қазылар алқасының құрамында ЖОО оқытушылары, жастар басқармасының өкілдері, қазақ драма театрының актерлары болды. «Жоғары сынып оқушылары аталымы» бойынша I орын – Балқаш қаласының М.Маяковский атындағы мектебі, екі II орын – Жаңаарқа ауданы С.Сейфуллин атындағы мектебі, Балқаш қаласы №15 мектеп-лицейі, III орындарды – Жезқазған қаласы №10 мектебі, Сәтбаев қаласынан №27 мектеп иеленді. «Педагогикалық колледж студенттері» аталымында I орынды – «Болашақ» маңызды білім беру колледжі, II орынды – Саран қаласы А.Құнанбаев атындағы гуманитарлы-техникалық колледжі, III орынды –Жезқазған қаласының гуманитарлық колледжі иеленді.

Барлық қатысушыларға сертификат, жетекшілерге Алғыс хаттар табысталды. Олимпиада жеңімпаздары мамыр айында Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button