Жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие: Өтініш беру тәртібі қалай өзгереді?

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Берілетін несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін болуы тиіс. Автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы шарт. Халыққа көліктер қолжетімді болуы үшін, бұл бағдарламада қымбат көліктер болмауы қарастырылған. Біз бағдарламаны айдың аяғына дейін бастауға тырысамыз. Бұл жерде бағдарламаның тетігін қайта қарау туралы мәселе тұр. Егер, бұған дейін олар алдымен автосалондарға, соңынан банкке жүгінсе, енді Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа механизмді ұсынады. Егер, тұтынушылар алдымен Өнеркәсіпті дамыту қорына барған жағдайда электронды кезекке тұрады. Содан кейін автосалонға барады. Автосалондар Өнеркәсіпті дамыту қорымен келісілген автокөлікті, әрі бекітілген несие кестесін ұсынатын болады, – деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Ал, жаңа автокөліктерді ұзақ күту – тек қазақстандықтардың ғана мәселесі емес екен.

– Бұл мәселе кез келген елде, тіпті, KIA автокөлігі өндірілетін Оңтүстік Кореяда да бар. Сондай-ақ, кей маркаларды халық 2-2, 5 жыл күтуіне тура келеді, – деп түсіндірді министр.

Басқа материалдар

Back to top button