Спорт

Жазғы универсиада: Қазақстан құрамасының жүлде қоры тағы екі медальмен толықты

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада ел құрамасы қоржынына тағы екі медаль түсті.

Ел құрамасынан 2 тамызда ушу Бексұлтан Қоскенов (60 келі) ерлер арасында жартылай финалда Ма Йигуге 0:2 есебімен жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Ал Айгерім Төреханова (60 келі) жартылай финалда түркиялық Берне Тутқа жеңіліп қалды.

Қазірге дейін қазақстандық спортшылар 13 медаль алды. Оның ішінде 1 алтын, 5 күміс, 7 қола бар.

Қазақстан құрамасы медальдар кетесінде оныншы орында келеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button