Жаттығу ойдағыдай жүзеге асты

      «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысқан бөлімшеаралық оқу-жаттығу сәтті аяқталды.

      Оқу-жаттығудың мақсаты – қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау, шартты қарсыластың шабуылы кезінде бөлімшелердің өзара іс-қимылын пысықтау, әскери қызметшілердің үйлесуін жетілдіру.

     Аталған тактикалық оқу-жаттығудың ерекшелігі артиллерия мен жаяу әскердің жауынгерлік машиналарының бірлескен өзара іс-қимылын пысықтауда. «Оқу-жаттығуға 100-ден астам жеке құрам, 20 жауынгерлік машина қатысты. Оның ішінде, 4 артиллериялық зеңбірек бар», – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы, полковник Юрий Асқаров.

      Оқу-жаттығу барысында 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жауынгерлік ресурстарды және шартты қарсыластың орналасуын айқындау үшін жергілікті жерді зерделеді. Содан кейін осы бөлімнің арнайы бөлімшесі операцияны өткізу ауданына негізгі күштерді ауыстыру үшін марш жасады. Аталған тактикалық оқу-жаттығу әскери қызметшілердің далалық машығын нығайтуға, жауынгерлік әзірлікті шыңдауға, жеке құрамның нақты өзара іс-әрекетін ұштауға мүмкіндік береді.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.